Skip to main content

Гидрогеология


Baishev-University

Гидрогеология пәні бойынша онлайн-курс.

Гидрогеология пәні бойынша онлайн-курста тау жыныстардың сулы-физикалық және механикалық қасиеттері туралы мәліметтерді, жер асты сулардың химиялық құрамының қалыптасу жағдайларды қарастырамыз. Осы курста пайдалы қазбалар кенорындарды барлау мен пайдалану кезіндегі тау жыныстардың гидрогеологиялық бағалау негіздері берілген. Курстың мақсаты – білім алушылардың гидрогеология бойынша негізгі теориялық білімдерін қалыптастыру, пайдалы қазбалар кенорындарды пайдалануда гидрогеологиялық ерекшіліктерін анықтай білу қабілеттерін қалыптастыру. Онлайн-курс шеңберінде сіздер аумақтардың гидрогеологиялық ерекшеліктерін бағалау, су тірегіш және су горизонттардың таралуы, су сыйыстырушы жыныстардың фильтрациялық қасиеттері, жерасты сулардың химиялық құрамы, су горизонттардың қорғалуы және гидрогеологиялық зерттеулер әдістерімен танысасыз. Осы онлайн-курс 8 бөлімдерден тұрады: Модуль 1. Табиғаттағы су айналымы Модуль 2. Тау жыныстарындағы судың түрлері Модуль 3. Жерасты суларының пайда болуы Модуль 4. Жерасты суларының физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы Модуль 5. Жерасты суларының классификациясы Модуль 6. Грунттық сулар Модуль 7. Тау жыныстарындағы сулардың қозғалысы және сүзілудің негізгі заңы Модуль 8. Жарықшақтық, карсттық және көпжылдық тоңдық таужыныстарындағы жерасты сулары

Оқу алдындағы қойылатын талаптар. Білім алушылар гидрогеология курсын бастар алдында келесі пәндерді жақсы меңгерген жөн: гидравлика, жалпы геология, мұнай газ геологиясы.

Course Staff

Сұлтамұрат Гүлмира Изатуллақызы

Техника ғылымдарының кандидаты. Геология, мұнай-газ және тау кен ісі кафедрасының доценті. Қазақстан Республикасы ЖОО үздік оқытушысы атағының иесі (2016 ж.)

Баймаганбетов Азамат Ергалиевич

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі. Геология, мұнай-газ және тау кен ісі кафедрасының аға оқытушысы

Enroll